Skip to Content

ЫСТЫҚ ЖӘНЕ ГИГИЕНАЛЫҚ НЕМЕСЕ ҮНЕМДІ САЛҚЫН — ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫНЫҢ ҚАЙ ТЕМПЕРАТУРАСЫ ҚАЙ МАҚСАТҚА АРНАЛҒАН?

Ыдыс жуу машинаңызда автоматты параметр болмаса немесе автоматты бағдарлама қалаған нәтижелерді қамтамасыз етіп жатпаса, дұрыс бағдарламаны қолмен қосу жолын білуіңіз керек. Ыдыс жуу машинасының дұрыс температурасын және барлығы (аздап кірлеген ыдыстар және сынғыш стакандардан күйен кәстрөлдерге және өте кір духовка ыдыстарына дейін) ең жақсы Somat ыдыс жуу машинасының жуғыш затын білу үшін оқуды жалғастырыңыз.

АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМА ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫНЫҢ ДҰРЫС ТЕМПЕРАТУРАСЫН ҚАЛАЙ ТАҢДАЙДЫ?

Көптеген жаңарақ ыдыс жуу машиналары ыдыстардың түріне сай және олардың қаншалықты кір екеніне байланысты ыдыс жуу машинасының ең жақсы температурасын орнататын автоматты бағдарламаны ұсынады. Датчиктер ағын судағы кірдің мөлшерін анықтайды және шаю суы тазаланғанша жоғарырақ температуралар немесе көбірек су қажет екені туралы сигнал береді.

ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫНЫҢ ҚАЙ ТЕМПЕРАТУРАСЫНДА ТҰТЫНУ ЕҢ АЗ БОЛАДЫ?

Үлгіңіздің нақты жуу циклдарының суды және қуатты тұтынуын тексеру үшін ыдыс жуу машинасының нұсқаулығын қараңыз. Әдетте, үнемді бағдарлама суды және қуатты төмен тұтынуды ұсынуы керек. Дегенмен, қысқарақ, салқын бағдарлама қуатты азырақ тұтынуы немесе ұзағырақ бағдарлама азырақ суды қажет етуі мүмкін. Ыдыс жуу машиналарының көпшілігінде үнемді бағдарлама бар. Somat сияқты ыдыс жуу машинасының қуатты жуғыш затын пайдаланғанда, 40° C-та ыдыстарды жуу ыдыстардың көпшілігі үшін жеткілікті екенін төмендегі «Ыдыс жуу машинасының күнделіктері» эпизодында қараңыз.

КІР ЗАТТАР ҮШІН ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫНЫҢ ДҰРЫС ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Үнемді бадғарлама ең кір ыдыстарды, күйген кәстрөлдерді және майлы духовка ыдыстарын тазалау үшін жеткілікті қуатты болмаса, үнемді бағдарламаның нәтижелеріне қанағаттанбағанда қосымша циклды орындаудың орнына, ыдыс жуу машинасының жоғарырақ температурасын таңдаған және бір жуғанда таза нәтижелерді алған жөн. Ыдыс жуу машинасының жоғарырақ температурасы қажет басқа жағдайлар дезинфекциялау керек заттар және Somat қарқынды машина тазалағышымен ыдыс жуу машинасын тазалау (айына бір рет ұсынылады) жағдайларын қамтиды. Ыдыс жуу машинаңызда «ауыр», «қарқынды» немесе «кәстрөлдер мен табалар» параметрі болса, бұл жоғарырақ температура үшін таңдау керегі болады.

СЫНҒЫШ ЗАТТАР ҮШІН ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫНЫҢ ДҰРЫС ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Шкаланың екінші жағында, сынғыш ыдыстар, шарап бокалдары және басқа сынғыш шыны ыдыстар ыдыс жуу машинасының төмен температурасында ең жақсы жуылады. Ең алдымен, бұл заттардың қатты ластану ықтималдығы азырақ, сондықтан оларды ыстық етіп жуу керек емес. Екіншіден, жылу немесе дұрысырағы ыдыс жуу машинасының температурасының жылдам өзгеруі стаканды және сынғыш ыдыстарды зақымдауы мүмкін. Нәзік бағдарламалар жүктемені ыдыс жуу машинасының төмен температурасында (үнемді бағдарламасынан да төменірек) жуып, содан кейін жылырақ температурада шаяды.

КЕЗ КЕЛГЕН ТЕМПЕРАТУРАДАҒЫ ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫНЫҢ ДҰРЫС ЖУҒЫШ ЗАТЫ

Әдетте, ыдыс жуу машинасының жуғыш заты неғұрлым қуаттырақ болса, ол төменірек температурада соғұрлым тиімдірек болады. Жұмсағырақ жуғыш заттар жоғарырақ температураны қажет етуі мүмкін. Somat Gold сияқты ең күшті тазалағыштар тіпті төмен температура немесе үнемді параметрін таңдасаңыз да тамаша нәтижелерді беруі мүмкін. Somat Classic болса әдеттегі жүктемелерде ең жақсы жұмыс істейді және өте кір ыдыстарды жуу үшін жоғарырақ температураны қажет етуі мүмкін. Отбасылардың көпшілігі үшін жуғыш заттың екі түрін ұстау және ыдыстардың кірлену дәрежесіне және қай температурада жуып жатқаныңызға байланысты оларды кезекпен пайдалану ұсынылады.

More in this category

  • Ең кір ыдыстарды кір жуу машинасында тазалаңыз

    Қатты дақтарға арналған алдын ала жібіту, шаю және өнім туралы кеңестер арқылы әр уақытта ультра таза нәтижелерге жетіңіз.

  • Нәзік және талап еткіш — стакандарды ыдыс жуу машинасында қалай қауіпсіздікте сақтауға болады
  • Ыдыс жуу машинасының иістерін кетіру жолы
  • Қақты түсіру — ыдыс жуу машинаңыз үшін кермек су туралы кеңестер
  • Кәсіпқой сияқты жуыңыз — ыдыс жуу машинасын ең жақсы нәтижелер алу үшін жүктеу жолы
  • Ыдыс жуу машинасының ішінде не болады? Экшн камерамен түсірілген бейнелер бұған қарауға мүмкіндік береді!
  • Экологиялық және таза — неліктен ыдыс жуу машинасы ыдыс жуудың экологияға ең зиянсыз жолы болып табылады
  • Фосфаттар дегеніміз не және фосфатсыз ыдыс жуу машинасының жуғыш заты қоршаған ортаға неліктен жақсырақ?
  • Nejlepší prostředek a jeho použití
    Таблеткалар, ұнтақ немесе гель — ыдыс жуу машинаңызға арналған ең жақсы жуғыш зат және оны пайдалану жолы

#БіргеКөңілді

  • Жақындарыңызды қуанту үшін мінсіз рецепт таңдаңыз

  • Ақталудың керегі жоқ! Дәмді астың алдында бірлесіп уақыт өткізуден рахат алуға себеп әрқашан табылады.

  • Ыдысты жуу жалықтырады деп кім айтты? Осы кеңестермен бірге тамаша көңіл-күйге кепілдік беріледі! Біздің қуатты өнімдерімізбен ьірге ыдысты жуу өте оңай болады!