Skip to Content

СПЕЛЬТА ҚОСЫЛҒАН 5 ИНГРЕДИЕНТТІ БҰҚТЫРЫЛҒАН ТАУЫҚ

Ингредиенттер
Порциялар: 2

  • 2 тауық аяғы
  • 190 г спельта
  • 1⁄2 радиччио басы
  • 6 сарымсақ бөлігі
  • 60 мл алма сидрының сірке суы
  • 355 мл су
  • тұз
  • бұрыш
  • қуыруға арналған зәйтүн майы

Құралдар: кесу тақтасы, пышақ, тістеуік, кәстрөл, әзірлеу қасығы

Тауықтың екі жағына да тұз және бұрыш себіңіз.

Радиччионың өзегін кесіп алып, жұқа сына тәрізді бөліктерге кесіңіз. Сарымсақ бөліктерінің қабығын ашып, езіңіз.

Кәстрөлді орташа-жоғары отқа қойып, біраз зәйтүн майын қосыңыз. Тауық аяқтарын және тері жағы төмен қаратып тауық сандарын салып, тері қытырлақ және қызарған болғанша шамамен 12 мин. бойы әзірлеңіз. Аударып, тағы шамамен 8 мин. бойы әзірлеңіз. Кәстрөлден шығарыңыз.

Қажет болса, кәстрөлге тағы біраз зәйтүн майын қосыңыз және сарымсақ бөліктерін салыңыз. Шамамен 1 мин. бойы қуырыңыз, содан кейін спельтаны қосыңыз. Тұз және бұрыш қосыңыз, шамамен 5 мин. бойы немесе хош иіс шыққанша және спельта аздап қуырылғанша әзірлеңіз. Кәстрөлді алма сидры сірке суымен дегласирлеңіз, содан кейін су қосыңыз. Қайнауға жеткізіңіз.

Кәстрөл қайнағаннан кейін тауықты қайтадан салыңыз және шамамен 20 мин. бойы немесе тауық толығымен әзірленгенше, спельта әзірленгенше және сұйықтық толығымен дерлік кеткенше әзірлеңіз. Спельте мен тауықты тәрелкеге салып, радиччиомен бірге үстелге беріңіз. Ләззат алыңыз!

РЕТСІЗДІКТЕН ҚОРҚАСЫЗ БА? ҚОРЫҚПАҢЫЗ!

#Enjoytogether сәтін аяқтағаннан кейін кір ыдыстар туралы алаңдау керек емес.
Somat арқылы тіпті май және күйік сияқты ең қатты кір де кетеді, осылайша ыдыстарыңыз қайтадан оңай және мінсіз таза болады.

Көбірек көру

  • #БіргеКөңілді
  • Тамаша себеп

    Ақталудың керегі жоқ! Дәмді астың алдында бірлесіп уақыт өткізуден рахат алуға себеп әрқашан табылады.

  • Ыдысты жууға арналған кеңестер

    Ыдысты жуу жалықтырады деп кім айтты? Осы кеңестермен бірге тамаша көңіл-күйге кепілдік беріледі! Біздің қуатты өнімдерімізбен ьірге ыдысты жуу өте оңай болады!